Нарық

Қазақстанда шетелден автокөлік әкелуге тыйым салынады

  • © Sputnik / Дәурен Ерболат

    © Sputnik / Дәурен Ерболат

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов мемлекеттік қызметкерлер үшін шетелдік автокөлік сатып алуға, сондай-ақ шетелден трансформатор мен кабель әкелуге шектеу қойылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Вице-министр ЕАЭО аясында "ұлттық режимнен шығару" деген түсінік енгізілгенін, осының аясында кейбір тауарларды еліміздің аумағына кіргізуге шектеу қойылатынын жеткізді.


"Өткен аптада "ұлттық режимнен шығару" деген үкімет қаулысы қабылданды. Құжаттағы тізімге автомобиль, трансформатор, кабель кірді. 3 қауымдастықтан осы 3 өнімді "ұлттық режимнен шығару" туралы ұсыныс жасады. Қаулы аясында 2 жыл бойы мемлекеттік сатып алуда тек отандық өнімдер алынуы қажет", - деді Аманияз Ержанов үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясынан соң.


Оның пікірінше, аталған шара осы салада жұмыс істейтін отандық кәсіпорындардың дамуына ықпал етеді.


"Бүгін кабель өнімін шығару 80%-ке өсті. Қарағанды, Павлодар, Атыраудағы кәсіпорындар талшықты-оптикалық кабель жүргізуге қажетті өнімді шығара алады. Бұл өнімді "Қазақтелеком" компаниясы пайдаланып жатыр. Ал осыған дейін импорттық өнімдер және трансформаторлар, автомобильдер шетелден сатып алынып келді", - дейді вице-министр.


Сонымен қатар Аманияз Ержанов елімізде Ravon, KIA, SsangYong көліктері құрастырылатынын атап өтті. Ол шетелден автокөлік әкелуді шектеу еліміздегі көлік нарығындағы бағаларға әсер етпейтінін айтты.


"Автокөліктің бағасы арзандамайды. Себебі, кез келген өнімді шығару кезінде шығын болады. Мысалы, автобөлшектер, шикізаттардың өз бағасы бар. Өнімнің бағасы шығынның есебінен құралады", - деп түсіндірді ол.


Оның айтуынша, баға өндіріс елімізде болғанда, бөлшектердің 50%-і Қазақстанда жасалғанда төмендеуі мүмкін. Оған 3-5 жыл уақыт керек.


"Оның өзінде бұл қаржыландыру көзіне және мемлекеттің өндіріске қандай жағдай жасайтынына байланысты", - деп түйіндеді вице-министр.


 




Көрілген: 895    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.08.2019, 14:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31