Нарық

Қазақстанда шетелдік интернет дүкендер тіркеуге алынады

Қазақстанның сауда министрлігі онлайн сауда жасаған азаматтар алданып қалмас үшін шетелдік интернет дүкендерді тіркеуге алады, деп хабарлайды “Информбюро” бағдарламасы.

Тіпті келер жылдан бастап интернет компанияларға қосымша құн салығы бойынша міндеттеме енгізілетін болады. Себебі интернет алаяқтардан тұтынушыларды қорғаудың басқа амалы жоқ.


“Интернет алаяқтарды құрықтау үшін барлық әлеуметтік желілердегі дүкендерді арнайы онлайн сауда алаңында жеке ІD-номерлерімен тіркеп отыру керек. Сол арқылы онлайн тапсырыс берушілер интернет дүкені жайлы толық мәліметті ала алады. Оның үстіне, егер сатушы онлайн сауда ережесін бұзса, дереу бұғатталады”, – деп түсіндірді Сауда және интеграция мәселелері бойынша қоғамдық кеңес төрағасы Денис Степанцев.

Жалпы жыл басынан бері әлеуметтік желілердегі дүкендерде 11 мыңнан астам алаяқтық дерегі тіркеліпті. Ал тауарға онлайн тапсырыс беріп алданған қазақстандықтардың шығыны 1 миллиард теңгеден асып жығылады. Ақшасын төлеп, бірақ тауарын ала алмай қалғандардың басым көпшілігі төлемдерін де кері қайтара алмаған. Себебі халықаралық ақша аударымдарын бақылау қиынға соғады дейді мамандар.




Көрілген: 1115    Пікірлер: 0

жұма, 13.08.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31