Нарық

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады

  • https://atpress.kz/

    https://atpress.kz/

Қазақстанда жолаушыларға арналған теміржол көлігі қызметі бір жыл ішінде шамамен 10% қымбаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы EnergyProm мониторинг агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

 

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жолаушылар теміржол қызметтері тамыз айында 9,9%-ға өсті.

 

Бағаның өсуі аймақтар арасында Түркістан облысының тұрғындарына айтарлықтай байқалды: бағаның жылдық өсімі 23,8% құрады.

 

Сондай-ақ, бағалар Ақмола облысында (15,8%) және Алматыда (15,1%) айтарлықтай өсті.

 

Сектордағы қызметтер Ақтөбе (0,1%), Қызылорда (1,5%) және Батыс Қазақстан (1,6%) облыстарында сәл көтерілді.

 

Агенттіктің хабарлауынша, сегіз айдың қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдау сегментінде 7,4 миллион адам теміржол көлігімен тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,6%-ға аз.

 

Сонымен қатар тек тамыз айын есептегенде 828,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл алдыңғы айға қарағанда 16,9% артық.

 

Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-километрді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға аз.

 

Тамыз айында бұл көрсеткіш 709,1 миллион жолаушы-шақырымды құрап, шілде айымен салыстырғанда 18,3% артты.

 




Көрілген: 377    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 21:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31