Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды
Қазақстанда 1 наурыздан бастап теміржол билеттерінің бағасы қымбаттайды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
 
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7% артады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске саламыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алды. Аталмыш вагондар мына бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы &ndash Маңғыстау, Нұр-Сұлтан &ndash Сарыағаш, Атырау &ndash Нұр-Сұлтан, Атырау &ndash Алматы, Нұр-Сұлтан &ndash Арқалық, Атырау &ndash Маңғыстау, Алматы &ndash Жезқазған және Нұр-Сұлтан &ndash Семей», - делінген хабарламада.
 
Сонымен қатар биылғы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде.
 
Бұл вагондар мына бағыттар бойынша қатынайды деп жоспарлануда:
 
Алматы &ndashМаңғыстау,
Қызылорда &ndash Семей,
Алматы &ndash Өскемен
Нұр-Сұлтан &ndash Семей.