Нарық

Қазақстанда толық емес жұмыс күні енгізілмек

  • © CC0 / rawpixel

    © CC0 / rawpixel

Мәжіліс депутаттары отбасында науқас адам бар қызметкерлер үшін ерекше жұмыс кестесін қарастыратын түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Жаңашылдық еңбек мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылған. Құжат еңбек қатынастары, әлеуметтік серіктестік, қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелерін қамтиды.

 

Депутат Жанат Омарбекова заң жобасы бойынша сөйлеген сөзінде қызметкерлерді еңбек жағдайында кемсіту фактілерін болдырмау мақсатында Еңбек кодексінде қызметкердің лайықты еңбек және тұрмыс жағдайына құқығы туралы норма бекіту ұсынылғанын атап өтті.

 

Сонымен қатар, депутаттар әкімшілік заңнамаға жұмыс берушілерді кемсітушілік фактілеріне жол бергені үшін жауапкершілікке тартуға негіз енгізуді ұсынды.

 

Депутаттардың науқас туысына күтім жасайтын қазақстандықтардың жұмыс уақытын өзгерту туралы ұсынысы жеке бастама болды.

 

"Науқас отбасы мүшелеріне күтім жасайтын қызметкерлерге толық емес жұмыс уақыты режиміне құқық беру ұсынылады. Бұл шара қызметкерлерге жұмысты жеке және отбасылық қажеттіліктермен, міндеттемелермен үйлестіруге мүмкіндік береді", - деді халық қалаулысы пленарлық отырыста.

 

Заң жобасының тағы бір жаңалығы – жұмыс берушінің азаматтарды әскери қызмет өткеру кезеңінде жалақысыз еңбек демалысын беру арқылы жұмыс орындарында ұстау міндеттемесі туралы тармақ.

 

Жоба сонымен бірге кадрлық іс жүргізуді цифрландыруды қарастырады, оның аясында жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне жібере алады.

 

Сонымен қатар, заңнамада бір ұйымда тек бір ғана ұжымдық шарт жасалуы мүмкіндігі туралы анықтама енгізу ұсынылған, өйткені бірнеше ұжымдық шарттың болуы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы дауларға әкеледі.

 

Мәжіліс депутаттары еңбек мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат сенатқа жолданды.

 




Көрілген: 243    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 11:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30