Нарық

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттауы мүмкін

  • Қазақстанда тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттауы мүмкін

    Қазақстанда тұрғын үй бағасы 30%-ға дейін қымбаттауы мүмкін

Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев 2022 жылдың көктемінде тұрғын үй бағасының көтерілетінін болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерғалиев қазір құрылыс компаниялары тұрғын үйлерді 2014-2015 жылдармен салыстырғанда төмен бағамен сатылып жатқанын айтты.

 
"Ол уақытта үшінші немесе төртінші классты тұрғын үйлер 1,5-2 мың долларға сатылса, қазір олар 750 долларға бағалануда. Бүгінде барлық компаниялар шығынға ұшырау шегінде тұр. Мәселе құрылыс компанияларының кінәлі екенінде емес, құрылыстың өзінің 35-40%-ға қымбаттап кетуінде болып тұр. Материалдар да 60-90%-ға көтеріліп кеткен", - деді Талғат Ерғалиев Құрылысшылар одағының отырысында.

Одақ басшысы сонымен қатар құрылыстың құны небәрі 15%-ға өскенін де атап өтті.

"Құрылыстың өзі 35-40%-ға қымбаттағанын, ал шаршы метрдің бағасы тек 15%-ға өскеніне логикалық тұрғыда қарайтын болсақ, бұл ертең бағаның өсуін күтеміз дегенді білдіреді. Коммерциялық тұрғын үй салушылар бағаны бірден көтере алмайды, олар ақырындап қосатын болады. Осылайша 2022 жылдың көктеміне қарай біз бағаның шамамен 20-30%-ға өсуін күтеміз. Және бұл нақты бір жылдың ғана талдауы емес, бұл бүкіл құрылыс кезеңінің талдауы", - деп болжады Ерғалиев.

Еске сала кетейік, қыркүйек айының басында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин құрылыс компаниялары бастапқы және қосалқы тұрғын үй бағасын төмендететінін айтқан болатын. 

Оның сөзінше төмендеу  Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалады.




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31