Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады – сарапшы

27 шілде 2022, 17:52

Қазақстанда баспана бағасының тұрақтанып келе жатқаны байқалып отыр. Бұл туралы Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

«Баспана нарығында мүлікті сатып алу-сату шарттарының азаюы тұрғысында бағаның тұрақтануы байқалып отыр. Осы орайда мүлік иесі бағаны түсірген жағдайда ғана тұрғын үйлер сатылып жатыр», - деді Н. Лукьяненко ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында. Оның айтуынша, жыл басынан бағаның өсімі бір айда 2,1-5,5 пайызды құраса, мамыр-шілдеде баспана құны оның жаңа немесе ескі болуына қарай болды. Бұл тұрғыда баспананың түріне қарай 0,4 пайыздан 1,7 пайызға дейін өсті. «Егер ай сайынғы инфляция деңгейін назарға алсақ, онда жылжымайтын мүлік құны төмендеп келе жатыр деген пайымға келуге болады», - деді сарапшы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің саны азайды. Еске салайық, биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану үшін ең төменгі жеткілікті шегі өсті. Жеткілікті шек адамның жас ерекшелігі бойынша әртүрлі бекітілген. 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға 1 317 739 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шотына БЖЗҚ 3,1 трлн теңге аударды.

ҚазАқпарат