Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

07 мамыр 2022, 00:21

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі тұрғын үйдің бағасына қатысты мәліметтер жариялады. 
 
Бюро ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда тұрғын үйдің бағасы қатарынан 5-ші жыл өсіп келеді.

Елімізде соңғы 1 жылдың ішінде (2022 жылғы сәуір мен 2021 жылғы сәуірді салыстырғанда) пәтерлердің бағасы 27,7 пайызға, ал жаңа салынған тұрғын үйлердің бағасы 20,3 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы сәуірде 22,2% артты.

Тұрғын үй бағасы қатарынан 5-ші жыл өсіп келеді. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана болды. Ол кезде жаңа үйлер 3,6 пайызға арзандаған еді. Ал ескі тұрғын үйлердің бағасы соңғы рет 2017 жылы 1,6 арзандаған еді, — делінген хабарламада.

Биылғы 1 айдың ішінде (наурызға қарағанда) пәтерлердің бағасы 1,8 пайызға өсіп, қазір 1 шаршы метрі 459 137 теңге тұрады. Жаңа тұрғын үйдің бағасы 0,8 пайызға қымбаттап, 1 шаршы метр 412 315 теңгеге жетті.


BAQ.KZ