Нарық

Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап жатыр

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Бір жыл ішінде бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің бағасы 5,3% -ке, қайталама нарықта бірден 11,1% -ке өсті, деп хабарлайды Finprom Қазақстан стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сілтеме жасап. 

 

"Қазан айында жаңа тұрғын үйдің шаршы метрінің орташа құны 305,3 мың теңге немесе 714 доллар болды. Бір айда 0,5%-ке өсті", - дейді сарапшылар.

 

Жаңа тұрғын үй нарығындағы шаршы метрдің ең жоғары бағасы: Нұр-Сұлтанда &ndash 388,8 мың теңге (908 доллар, жылына 6% өскен), Алматыда &ndash 360,1 мың теңге (842 доллар, жылына 2,6%), Шымкентте &ndash 333,3 мың теңге (779 доллар, жылына 2,2%). 

 

Атырауда тұрғын үй бағасы жоғары болып қалды, бірақ бір жыл ішінде өзгерген жоқ &ndash бір шаршы метр үшін 326,1 мың теңге (762 доллар).

 

"Тұрмысқа жайлы тұрғын үйдің орташа құны бір шаршы метр үшін 220,7 мың теңге (515,7 доллар &ndash Sputnik) болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1% артық", - делінген хабарламада.

 

Қайталама нарықтағы ең жоғары баға: Нұр-Сұлтанда &ndash  шаршы метрі 375,6 мың теңге (878 доллар, бір жылда 4,3% өскен), Алматыда &ndash 370,7 мың теңге (866 доллар, жылына 1,1%).

 

Атырауда &ndash 264,2 мың теңге (617 доллар), Ақтауда &ndash 249,3 мың теңге (583 доллар).

 

Жабдықталмаған тұрғын үйді сатудың орташа бағасы бір шаршы метр үшін 133,5 мың теңге немесе 312 доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,4% -ға артық.

 

Тұрғы үй бағасы неліктен қымбаттап жатыр  

 

"5-10-20" және "7-20-25" мемлекеттік бағдарламаларының шарттарына сәйкес келетін жобалардың жетіспеуі қазіргі бағаны уақытша ұстап тұруға көмектеседі", - дейді мамандар.

 

Болжамдарға сәйкес, алдағы жылдары жаңа құрылыстардағы пәтерлердің бағасы тағы 10% өседі.

 

Коронавирус пандемиясына байланысты құрылыс компаниялары санының азаюы да бағаның өсуіне себеп болмақ.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 16:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31