Нарық

Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды өртеу арқылы энергия өндіретін 6 зауыт құрылады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алдағы 4 жылда Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды жағып, оны энергияға айналдыратын 6 зауыт құрылады. Олар Нұр-Сұлтан, Өскемен,  Қарағанды, Алматы, Шымкент пен Ақтөбе қалаларында салынбақ.

 

Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

 

Зауыттардың құрылысы келер жылы басталмақ.

 

Осылайша, 2025 жылға дейін қатты тұрмыстық қалдықты өңдеу үлесін 35%-ке жеткізу көзделіп отыр. Әзірге бұл көрсеткіш 20%.

 

Ғарыштан түсірілген жазбаларға сәйкес Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында бейберекет қоқыс үйінділерінің көптігі анықталды.

 

Бүгінде елдегі 3 мың қоқыс полигонының тек 20%-і экологиялық және санитарлық талаптарға сай келеді.

 

2030 жылға қарай олардың барлығын талапқа сай ету міндеті тұр.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 454    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31