Нарық

Қазақстанда үйді жалға беру бағасы қымбаттаған

  • https://zabrab75.ru/

    https://zabrab75.ru/

Қай өңірде тұрғын үй жалдау бағасы қымбат екені анықталды.

 

2020 жылдың шілдесінде жабдықталған тұрғын үйді жалдаудың орташа бағасы бір шаршы метр үшін 1,6 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5% көп. Ал маусым айымен салыстырғанда тұрғын үйді жалдау құны 0,4% өсті, деп хабарлады finprom.kz.

 

Жабдықталмаған тұрғын үйді жалдаудың орташа құны бір шаршы метр үшін 832 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4% қымбат.

 

Биылғы маусым айымен салыстырғанда жалдау бағасы өзгеріссіз қалды. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында жайлы жабдықталған тұрғын үйді жалдаудың ең қымбат орташа бағасы астанада тіркелген: бір шаршы метр үшін 3,1 мың теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,3% артық.

 

Баға өте жоғары үш қаланың қатарына Алматы мен Ақтау кірді.

 

Тұрғын үйді жалдау құны Павлодарда (бір жылда 37,9% өсті, 1,7 мың теңгеге дейін), Талдықорғанда (36,9%, 1,7 мың теңгеге дейін) және Таразда (15,4%, 1,2 мың теңгеге дейін) едәуір қымбаттаған.

 

Ең төменгі баға Семейде: бір шаршы метр үшін 1,2 мың теңге.

 

Жөнделмеген тұрғын үйді жалдау да елордада қымбатқа түседі: бір шаршы метр үшін 1,6 мың теңге - өткен жылмен салыстырғанда 3,6% артық.

 

Мұндай тұрғын үйлерді жалдау бағасының едәуір өсуі Таразда (бір жылда 13,3% қымбаттады, шаршы метрі 767 теңгеге дейін), Қызылордада (8% өсті, шаршы метрі 698 теңгеге дейін) және Шымкентте (8% өсті, шаршы метрі 967 теңгеге дейін) тіркелді.

 

24.kz


 




Көрілген: 296    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 12:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30