Нарық

Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті

  • https://newtimes.kz/

    https://newtimes.kz/

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы мөлшері 7%, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 5% ұлғайды.

 

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7%, яғни инфляция деңгейінен 2% ілгерілеп арттырылды.

 

Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады.

 

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 5% арттырылды. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрайды.

 

Нәтижесінде базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшері 1 қаңтардан бастап 61 796 теңгені құрайды. Бұл өсім 2,2 млн зейнеткерге қатысты.

 

Бұдан басқа, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жәрдемақылардың мынадай түрлері 5% арттырылды:

 

&ndash мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;

 

&ndash мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақы;

 

&ndash бала кезінен I-ші топтағы мүгедекке күтім жасайтын отбасыларға (адамдарға) мемлекеттік жәрдемақы.

 

Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюына байланысты 1 қаңтардан бастап мына жәрдемақылардың мөлшері 5% артты:

 

&ndash №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар;

 

&ndash бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар; &ndash бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;

 

&ndash «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, мемлекеттік жәрдемақылар;

 

&ndash бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;

 

&ndash Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға және жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағайындалған, бірақ төленбеген біржолғы ақшалай өтемақылар. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңға сәйкес МӘСҚ-дан еңбек ету қабілетінен айрылу және асыраушысынан айрылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері де 5% арттырылды.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 2433    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28