Нарық

Қазақстандағы екі Тальго пойызы уақытша тоқтатылды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар ағымының азаюына байланысты екі пойыз уақытша тоқтайтынын жария етті.

 

«Жайсыз эпидемиологиялық ахуал мен коронавирус инфекциясының таралуын шектеу үшін енгізілген карантин шараларына байланысты жолаушылар ағымы мен пойыздардың толымдылығы азайып кетті. Бұл айтарлықтай шығынға әкеп соқтырады», - деді компаниядан.

 

Қаржылық жағдай қиындап кетпеуі үшін компания сұранысы аз Тальгоның коммерциялық екі жолаушылар пойызын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдап отыр. Олар:

 

- № 69/70 «Алматы-2 – Өскемен-1» бағыты (Алматы-2-ден 1 тамызда шығып, Өскемен-1-ге 2 тамызда жететін);

 

- № 69/70 «Алматы-2 – Орал» бағыты (Алматы-2-ден 2 тамызда шығып, Оралға 4 тамызда жететін);

 

Дәл осы бағытта бұрын билет алып қойған азаматтар оның ақшасын толық қайтарып ала алады. Ақшаны билет алу әдісіне қарай қолма-қол да, аударым арқылы да қайтаруға мүмкіндік бар. Қосымша пойыз бағдарлары туралы «105» нөміріне хабарласып, білуге болады.

 

«Ұлттық тасымалдаушы қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға, коронавирус инфекциясы таралып тұрған кезеңде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, алдын ала алынған билеттер бойынша бағдарларды бақылауға шақырады», - деп хабарлайды компаниядан.

 

ktk.kz




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 08:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30