Қазақстандағы ең арзан және қымбат автокөліктер аталды

Қазақстандағы ең арзан және қымбат автокөліктер аталды

"КазАвтоПром" Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мамандары азаматтардың жаңа жеңіл автокөліктерге деген сұранысын бағалап, адамдардың көлік сатып алуға қанша ақша жұмсауға дайын екендігін есептеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы жаңа жеңіл автокөліктің орташа құны 10,3 миллион теңгені (24,8 мың доллар) құрады. Бұл ретте ең қолжетімді модель Lada Granta деп аталды, оның құны 2,8 миллион теңгеден (6,7 мың доллар) басталады, ал ең қымбат модель - Mercedes-Benz G-класс, оған 110 миллион теңге (265 мың доллар) қажет.

 

2020 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша қазақстандықтар жалпы сомасы 313,4 миллиард теңгеге 35 086 жаңа жеңіл және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды.

 

"Сатып алынатын жеңіл автокөліктің орташа құны 10,3 миллион теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7% - ға өсті. Қазақстандық өндірушілердің ұсыныстары нарықта барынша қолжетімді болып қала береді. Отандық автокөліктердің орташа бағасы 7,6 миллион теңгені құрады. Импорттан шыққан АВТО сегментіндегі ұқсас көрсеткіш 13,2 миллион теңге көлемінде тіркелді", - деп нақтылады одақта.

 

2020 жылдың алты айының қорытындысы бойынша сатып алушылардың төрттен бірі (28,8%) көліктердің бағасын 5 миллион теңгеден асырмағанды жөн көреді. Бір жыл бұрын бұл сегмент нарықтың 29,2%-ын құрады.

 

5-тен 7 миллион теңгеге дейінгі баға диапазонында 21,5% техника сатылды. Сегменттің үлесі 2,9 пайызға өсті.

 

Сондай-ақ, сатып алушылардың 16,3%-ы құны 7-ден 10 миллион теңгеге дейінгі автокөліктерді таңдады. Олардың үлесі 2,5 пайыздық тармаққа өсті.

 

Бизнес сегменттері – 10-15 миллион теңгеден басталады, премиум-класс сегменттері - 15 миллионнан жоғары, тиісінше жаңа автомобильдер нарығының 23,4% және 10,1%-ын иеленді.

 

Ең қолжетімді бес жеңіл автомобильдің барлығы дерлік қазақстандық автоөндірушілердің өнімі. Осылайша, баға қолжетімділігінің көшбасшысы өскемендік өндіріс - Lada Granta болды, оның құны 2,8 миллион теңгеден басталады. Ең арзан 5 автомобильдің қатарына Lada 4 × 4 - бағасы 3,4 миллион теңге, Ravon Nexia - 3,7 миллион теңге, Ravon R4 - 4 миллион теңге кірді. Сондай-ақ, құны 4 миллион теңгеден басталатын Chevrolet Cobalt бестікті түйіндеді.

 

Ең қымбат модельдер рейтингісінде Mercedes-Benz G-класс - 110 миллион теңге, Mercedes-Benz S-класс - 98,6 миллион теңге, Porsche 911 Turbo - 71,1 миллион теңге, Audi A7/А8 - 62 миллион теңге және Lexus LS - 58,2 миллион теңге көш бастап тұр. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста