Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері аталды

13 желтоқсан 2021, 14:36

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшерін (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 99 726 теңгені (230 доллар шамасында) құрады.

Атап өтілгендей, ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында республикалық бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге шамамен 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдері – 1 трлн 696,4 млрд теңге бөлінді.

2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 миллиард теңгеден астам бөлінді, оның 68 миллиард теңгесі базалық зейнетақыны төлеуге, 153,2 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға тиесілі.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстандағы зейнеткерлердің саны 2 миллион 233 мыңнан астам адамды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әрбір алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі ескеріле отырып, жеке тағайындалады.

Бұл ретте еңбек өтіліне 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдері кіреді.


Осылайша, егер зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болса, сондай-ақ ол болмаған жағдайда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ына тең болса, онда 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның көлемі 2%-ға артады. Мысалы, 20 жыл еңбек өтілі болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жыл - ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94 пайызын құрайтын болады. 33 жыл және одан да көп жұмыс өтілі бар болса, ол ең жоғары мөлшерлеме – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% мөлшерінде белгіленеді.

Осылайша, міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде төленсе, зейнеткерлік жасқа жеткендегі базалық зейнетақы төлемінің мөлшері соғұрлым жоғары болады.

Өз кезегінде, жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтіліне (кемінде алты ай қажет) және зейнеткерлікке шыққанға дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты.

Stan.kz