Нарық

Қазақстанды кім асырап отыр: Еліміздің ең ірі салық төлеушілері

  • Қазақстанды кім асырап отыр: Еліміздің ең ірі салық төлеушілері

    Қазақстанды кім асырап отыр: Еліміздің ең ірі салық төлеушілері

2020 жылдың тоғыз айында елу ірі ұйым 2,9 трлн теңге салық төледі. Бұл бюджетке жалпы салық түсімдерінің 50% құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі FinReview.info порталына сілтеме жасап.

Салық - әр мемлекеттің бюджетінің негізгі кіріс көзі. Десек те биыл карантиндік шектеулердің салдарынан кейбір ұйымдар өз жұмысын тоқтатқандықтан салық түсімі де азайыпты. 

Портал мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 2020 жылы пандемия тұсында шағын және орта бизнестің дамуына түрткі болған салық режимінің көптеген жеңілдіктері енгізілді. Атап айтқанда, 1 қазанға дейін ШОБ субъектілері еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен әлеуметтік төлемдерден босатылды.

 

Бұл шаралар іскерлік белсенділіктің төмендеуімен бірге салықтық түсімдерді 10,3% &ndash ға қысқаруына алып келген. 2020 жылдың тоғыз айында мемлекеттік бюджет жиынтығында 5,8 трлн теңгеге толықтырылды, бұл 2019 жылға қарағанда 664 млрд теңгеге аз.

Бюджетке түсетін негізгі сома мұнай және газ өндіруші ұйымдардан келеді екен: 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мұнай-газ секторының үлесіне елу ірі салық төлеушілердің барлық төлемдерінің 61% &ndash ы немесе 1,8 трлн теңге тиесілі болды. Өткен кезеңмен салыстырғанда бұл компаниялар төлеген салық көлемі рекордтық 49%-ға төмендепті.

Мұнай секторынан кейінгі орынды металлургия саласы иеленіпті, олардың салық түсімдерінің жалпы көлеміндегі үлесі 10,8% немесе 318,8 млрд теңгені құраған.

Үшінші орында темекі саласы тұр. Темекі өндірушілер 221,9 млрд теңге салық төлепті.




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31