Нарық

Қазақстандық 4000 әйел арнайы тұрғын үй несиесін ала алады

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда тұрғын үйді қаржыландыру саласында гендерлік тепе-теңдікті нығайту жөніндегі жоба іске қосылады. Осы мақсатта Азия даму банкі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 38 млрд теңге көлемінде займ бөледі, деп хабарлады hcsbk.kz.

Жуырда Азия даму банкі Орталық және Батыс Азия елдері бойынша бас директоры Вернер Липах пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова тиісті келісімшартқа қол қойды.

«Қазақстанда 9,1 миллион әйел тұрады. Олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған және оның жартысы отбасын өздері асырауда. Әйелдер бұрынғысынша еркектерге қарағанда жалақыны үш есе аз алады. Табыс деңгейінің төмендігіне байланысты еркектермен салыстырғанда олардың үй алуға қажетті қолжетімді займды алуы қиынырақ. Сондықтан, біз Азия даму банкімен бірлесіп қазақстандық әйелдерге қолдау көрсетуді шештік. Олар үшін тұрғын үйді несиелендірудің қолжетімділігін арттырып, алғаш рет Азияда осындай гендерлік жобаны іске қосудамыз», - деді Ләззат Ибрагимова.

Әйелдер үшін займ жаңа және қолданыстағы үйлерден пәтер сатып алу мақсатында беріледі.

Несиенің ең жоғары сомасы 30 млн теңгені құрайды. Оны алу үшін 200 мыңнан төмен табысы бар әйелдер бастапқы жарна ретінде кемінде 15%-ды, ал табысы 200 мыңнан жоғары болса 20%-ды жинауы тиіс.

Статистикаға сәйкес, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 60 000-нан астам салымшысы әйелдер. Олардың 64%-ы Нұр-Сұлтан және Алматы секілді еліміздің екі ірі қаласынан тыс аймақтарда тұрады.

Сондықтан жаңа гендерлік бағдарламаның 60%-ы өңірлер мен ауылдық аймақтарда тұратын әйелдерді қамтитын болады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне бөлінген займға қосымша, Азия даму банкі қаржылық инклюзивтілік пен кедейшілікті төмендетуге ерекше көңіл аудара отырып,

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан Қазақстандағы төмен және орта деңгейлі табысы бар әйелдер қауымын қамтуды, оның сапасын және операциялық мүмкіндіктерді күшейту мақсатында 620 000 АҚШ доллары көлемінде техникалық көмек ретінде грант ұсынатын болады.

24.kz 




Көрілген: 1108    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.11.2019, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31