Нарық

Қазақстандық арал 1,5 миллиард теңгеге сатылады

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасындағы арал сатылымға қойылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Арал иесі 225 гектар жерді 1,5 миллиард теңгеге бағалап отыр. 

 

- Арал екі өзеннің: Ертіс пен Бұқтырманың түйіскен жерінде орналасқан, - дейді арал иесі. 

 

Сонымен қатар, арал орналасқан аймақта шамамен 100 туристік база бар және аралдың өзі де туризмды дамыту үшін қолайлы. 

 

Жеке меншіктегі аралдың және жердің сатылатыны туралы деректі жергілікті әкімшілік тексерді. Бұл жағдайға қатысты Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байқонысов пікір білдірді.  

 

- Ол 1998 жылы болған. Қаз аралы сол кездегі қолданыстағы жер заңына байланысты, ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында сатып алынған. Артынша арал иесінің қалауы бойынша және экономикалық соттың шешімі бойынша, учаскенің қолдану мақсаты өзгертілді. Ол тауарлық жерлер санатына ауыстырылып, ЖШС құрылды. Арал иесі бәрін сәйкестендірді. Бүгінде учаске жеке меншікте, жер тауарлық өндіріс үшін ауыл шаруашылығына сәйкес келеді, - дейді аудан әкімі. 

 

Қалиқан Байқонысовтың сөзінше, ол аралдың сатылатыны туралы хабардар.

 

 

 




Көрілген: 1702    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 14:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31