Нарық

Қазақстандық автозауыттар биыл қанша және қандай көліктер шығарды

  • © Казинформ

    © Казинформ

2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 12 870 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.


Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 83,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 37,9 пайызға өсіп, 12 113-ке жетті.


Жыл басынан бері отандық автозауыттар 10 879 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 42,2 пайызға жоғары болды.


Оның ішінде 3 368 автомобиль сәуір айында сатылып, бұл өз кезегінде саладағы үздік көрсеткіш ретінде тіркелді.


Төрт айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 69,6 млрд теңге жұмсап, осы сома бір жыл бұрынғы деңгейден 68,5 пайызға жоғары болды.


Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (4 664 көлік), Hyundai (3 405), KIA (1 240), Skoda (290) және Chevrolet (233) енді.


Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (160), UAZ (116), Ravon (68) және Peugeot (15) бар екенін атап өткен жөн.


Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік шығарылды.


 




Көрілген: 582    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.05.2019, 23:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31