Нарық

Қазақстандық балалар ел ішінде тегін ұша алады

  • © CC0

    © CC0

Биыл жаздан бастап ел ішінде туристік мақсатта ұшатын 15 жасқа дейінгі балаларға билет тегін беріледі. Бір ата-анаға ұшақ бортына өзімен бірге екі баланы алуға рұқсат етіледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Министрдің айтуынша, Қазақстанда "Kids go free" қағидаты бойынша балалар тегін ұшуы үшін әуе бағыттарын субсидиялау көзделіп отыр. Растайтын құжатты көрсеткен жағдайда, бір ата-анаға өзімен бірге ұшақ бортына екі баланы алуға рұқсат етіледі.


"Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген дамыған елінде – Ұлыбритания, Катарда, Таитиде, Скандинавия елдерінде кең қолданылады", - деді Мұхамедиұлы үкімет отырысында.


Ол қазір мемлекеттік бағдарлама енгізілгенін, оның бекітілуін күтіп отырғанын атап өтті.


"Мәселен, ата-ана ел ішінде демалатын болса, онда 15 жасқа дейінгі екі баласына тегін әуе билеттері ұсынылады. Тегін. Ел ішінде. Бұл бізге отандастарымызды өз елімізде қалдыруға мүмкіндік береді. Осылайша ақша да елде қалады", - деп түсіндірді министр үкімет кулуарында.


Аталған процедураны бір-екі айдың ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Осыны ескерсек, жаңашылдық осы жылдың шілде-тамыз айларында күшіне енуі мүмкін.


Сонымен қатар, келесі жылдан бастап барлық өңірде тегін "Балалар туристік пойызы" іске қосылмақ.


"Басымдық тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, білім беру жарыстарының жеңімпаздарына, үздік оқушылар мен басқаларға беріледі", - деді министр.


Қазір мәдениет және спорт министрлігі 2019-2021 жылдарға арналған балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың жол картасын жүзеге асырып жатыр. Онда республикалық және өңірлік деңгейде 100 мыңнан астам бала қамтылған.


 




Көрілген: 659    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.05.2019, 15:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31