Нарық

Қазақстандық ет өндірушілер шығынға батуда

  • Қазақстандық ет өндірушілер шығынға батуда

    Қазақстандық ет өндірушілер шығынға батуда

Қазақстандық ет өндірушілер өнімдерін Қытайға тасымалдай алмағандықтан шығынға батуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстанның ет одағы" қоғамдастығының бас директоры Мақсұт Бақтыбаевтың сөзінше, мәселенің туындауына әлемдік пандемия себеп болған. Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданының бас санитар дәрігері Қытайға Қазақстаннан тасымалданатын етттің кіргізілуіне тыйым салған. Оның бұл шешімін қазақстандық ет комбинаттарының жұмыскерлері толығымен вакцина алады деген кәсіпкерлердің ұсынысы да өзгерте алмаған.  

 
"Қазір Қытайға ет экспорты сұраныстың бар болуына қарамастан, тоқтап тұр. Біздің тұрақты сатып алушыларымыз "қашан ет әкелесіздер?" деп күнде сұрап, хабарласады. Тіпті, Қытайда жоғары беделге ие қытайлық ұйымдар да жағдайға әсер ете алмай отыр. Отандық ет өндірушілері қарызға белшеден батуда. Біраз келісімшарттарға қол қойылған еді, бұл келісімдердің негізінде алдын ала төлем де жасалған. Бірақ ет тасымалына рұқсат жоқ. Бұл өз кезегінде ет комбинаттарының жұмысының тоқтауына әкеп соғуда", - дейді "Қазақстанның ет одағы" қоғамдастығының бас директоры Мақсұт Бақтыбаев.

Stan.kz




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 11:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30