Нарық

Қазақстандық жарнама алғаш рет "Канн арыстандары" финалына шықты

  • Қазақстандық жарнама алғаш рет

    Қазақстандық жарнама алғаш рет "Канн арыстандары" финалына шықты

Forte Femme жарнамалық компаниясымен ForteBank әлемдегі ең беделді "Канн арыстандары" (Cannes Lions) жарнамалық фестивальінің Media Lions номинациясы бойынша финалына шықты. Бұл – фестиваль тарихында әлемдік деңгейде танылған еліміздің алғашқы жобасы.


Жарнамалық кампания іскер әйелдердің ел экономикасына қосқан үлесін көрсетеді. Статистикаға сүйенсек, әйелдердің табысы Қазақстанның ІЖӨ-нің 39,5 %-ын құраса, еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдерінің 43 %-ы, ал жеке кәсіпкерлердің 52 %-ы бұрымдылардың еншісінде екен.


ForteBank өзінің жарнамалық компаниясы арқылы әйелдерді өз ісін ашуға және оны дамытуға шабыттандыруға ұмтылады. ForteBank "Бизнес – бұл әйелдің де ісі" атты жобасы шеңберінде Forte pour Femme – "Мықты әйел" хош иісті суын шығарды. Аталған өнім кәсіпкерліктегі ханымдардың табыстарын, жетістіктері мен жеңістерін бейнелейді.


Ақпан айының соңғы аптасында ол хош иісті суды бизнестегі әйелдердің қаражатымен ForteBank банкоматтары мен кассалары арқылы айналымға шығарды. Forte pour Femme парфюмі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланғанын да айта кеткеніміз жөн. Бұл жобаға әйелдер жетекшілік ететін танымал қазақстандық брендтер де атсалысты.


ForteBank-тің танымал ролик-манифестінің кейіпкерлері әйгілі әйел кәсіпкерлер болды. Оларды атап айтсақ, Чинара Бугимбаева, "Қағанат" асханалар желісінің негізін қалаушы; Зинаида Пак, TAKITA маркетингтік агенттігінің негізін қалаушы; Анастасия Леонова, FILO пәндік дизайн студиясының негізін қалаушы; Инна Апенко, Mimioriki балалар киімдері брендінің негізін қалаушы; Сания Ильясова, Saniya Ilyassova сұлулық салондары желісінің негізін қалаушы; Кира Майшева, Рentatonica киім брендінің негізін қалаушы; Динара Сәтжан, Dinara Satzhan Fashion Group компаниясының сәндік продюсері және иесі, Назым Жанғазинова, ARDA Football балалар футбол мектебінің негізін қалаушы; Ақмарал Басирова, "Ақ Әлем" клинингтік компаниясының негізін қалаушы, Аружан Саин, "Аружан и Ко" продюсерлік орталығының негізін қалаушы, Мерей Мұстафина, PIPL консалтинг бюросының негізін қалаушы, Аяла Қонақбаева, SK Boxing бокс мектептері желісінің негізін қалаушы.


Жарнамалық науқанның бейнеролигі мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.youtube.com/watch?v=FbIfCXnP7Pg


Жарнамалық науқанды іске асыру туралы бейнероликті мына сілтеме бойынша көруге болады: https://youtu.be/9z5wI2BEAg4 




Көрілген: 777    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.06.2019, 10:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31