Нарық

Қазақстандық жеке тұлғалардың төленбеген салығы бойынша өсімақысы кешіріледі

  • Қазақстандық жеке тұлғалардың төленбеген салығы бойынша өсімақысы кешіріледі

    Қазақстандық жеке тұлғалардың төленбеген салығы бойынша өсімақысы кешіріледі

 Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтары бойынша өсімақысы есептен шығарылады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бұған дейін Қазақстан Республикасының тиісті заңына 2020 жылдың 2 шілдесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Құжат жеке тұлғаларға салынатын өсімақыны есептен шығаруға салықтық рақымшылық жасау ережесін қарастырады. Атап айтқанда, азаматтар салық төлеушінің жеке шотына енгізілген және оны төлеу күніне дейін есептелген жеке тұлғалардың мүліктеріне, жеріне және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша есептен шығарылады», - делінген хабарламада.

Есептен шығарудың негізгі шарты салық қарызының негізгі сомасын төлеу екендігі атап өтілді. Айыппұлдар мерзімі өткен берешек төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Салықтық амнистия 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.

«Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімақыларды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады. Өсімақыны есептен шығару үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімақы автоматты түрде есептен шығарылады», - деп атап өтті ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Stan.kz




Көрілген: 577    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.07.2020, 19:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31