Нарық

Қазақстандық қант өндірісіне қауіп төнді

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қанттың арзандауы отандық қант өндірушілерді құрдымға жіберуі мүмкін. Сала мамандары осылай деп дабыл қағып отыр.

Олардың айтуынша, егер қант өңдеуші кәсіпорындарға мемлекет қолдау жасамаса Ресей мен Беларусь елінің зауыттарына төтеп бере алмайды. Яғни бәскеге қабілетсіз.

Мәселен 2010-2012 жылдары Ресейлік кәсіпкерлер Қазақстанға қантты тонналап әкеліп, нарықтағы бағаны құлдыратып жіберді. Салдарынан қазақстандық кәсіпорындар банкротқа ұшырады. Сол сәтте олар бағаны қайта көтерген. Биыл да жағдай осыған ұқсас болуы мүмкін.

Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда 2019-шы жылдың 10 айында отандық қант өндірушілер ішкі сұраныстың тек 46 процентін қамтыды. Ал көрші Ресей қызылшадан 6 миллион тонна қант өндірді. Яғни елде профицит. Енді олар бағаны төмендету арқылы Қазақстанның қант нарығын жаулап алуы әбден мүмкін дейді сарапшылар.

Біздің елде негізінен қант шығаратын 7 зауыт бар. Бірақ әзірге тек үшеуі ғана жұмыс істейді. Қалған төртеуі қайта жаңғыртуды қажет етеді. Ал Ресейде қант шығаратын 62 кәсіпорын бар. Олар қызылшадан тәулігіне 315 жарым мың тонна қант шығара алады.

Салыстыру үшін айтайық. Былтырғы 11 айда отандық қант шығарушы зауыттар 225 жарым мың тонна қант шығарған. Оның 99,8 проценті Жамбыл облысының үлесінде. Жылдық өсім 3,7 процент.

Алматы облысында жағдай керісінше. Мұнда өндіріс 3,9 процентке кемісе Алматы қаласында 23 процентке төмендеген.

24.kz

 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30