Нарық

Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

  • Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

    Қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін енді бөлек шот ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамаубаевтың айтуынша, қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, бизнес қауымдастығымен және қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп, мобильді аударымдарды реттеу туралы заң нормаларын әзірледі. Қазір ол парламенттің қарауында жатыр.

 "Оның негізгі мәні мынада: қазір жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметпен айналысқанда да, жеке аударымдар жасағанда да, ақша бір шотта араласып кетіп жатыр. Бұл салықтық әкімшілендіруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан біз заң аясында кәсіпкерлерден кәсібі үшін жеке шот ашуын талап етеміз. Ал жеке аударымдарды өзінің шоты арқылы жүргізе беруіне болады", - деді Жамаубаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр, алайда бұл қарапайым халықтың аударымдарына әсер етпейтінін айтты. 

"Халық тарапынан алаңдаушылық болмауы керек. Себебі азаматтардың қолданып жүрген карта шоттары сақталады, күнделікті өзара ақша аударымдарына ешқандай нұқсан келмейді. Яғни, бүкіл процесс сол күйі қалады. Біз мобильді аударымдарды фискализациялау үшін ғана жаңа өзгерісті біртіндеп енгіземіз", - деді ол.

Ол Ұлттық банкке сілтеме жасай отырып, 2021 жылдың сегіз айында онлайн жасалған төлемдер мен ақша аударымдарының көлемі шамамен 36 триллион теңгені құрағанын мәлімдеді.

"Бұл айтарлықтай сома", - деп атап өтті Жамаубаев.




Көрілген: 547    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 23:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31