Нарық

Қазақстандық кәсіпкерлердің кредиттері субсидияланады

  • Қазақстандық кәсіпкерлердің кредиттері субсидияланады

    Қазақстандық кәсіпкерлердің кредиттері субсидияланады

Министр президенттің жолдауын іске асыру аясында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін айтты

Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелері субсидияланып, жылдық ставкасы 6%-ке дейін төмендетіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр президенттің жолдауын іске асыру аясында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін айтты. 

"Шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады. Түпкілікті жылдық мөлшерлеме 6%-ға дейін жеткізіледі", - деді Дәленов үкімет отырысында. 

Ол субсидиялау төтенше жағдай жарияланған кезден бастап 12 ай мерзімді қамтитынын атап өтті. Мемлекеттік қолдау "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасының жаңа бағыты аясында іске асырылады. 

"Бизнес ахуалды одан әрі жақсарту үшін шаралар кешені қабылданады. Оған тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, тиісті комиссия құру арқылы барлық реттеушілік талапты қайта қарау және оларды азайтуға қатысты ұсыныстар кіреді", - деді ол. 

Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу шаралары қабылданбақ. 

Сондай-ақ, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғасады. Дәленов бұл 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35%-ға дейін және шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.09.2020, 10:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31