Нарық

Қазақстандық олигархтар Лондондағы пәтерлерін сатып жатыр: байлар неден қашты?

  • © AFP 2019 / Daniel LEAL-OLIVAS

    © AFP 2019 / Daniel LEAL-OLIVAS

Бірнеше қазақстандық олигарх Лондондағы жылжымайтын мүлкін сатып, Бельгия, Нидерланды және Люксембургке көшуді жоспарлап отыр. Sputnik Қазақстан анықтағандай, байлар Бенилюкс елдерінде бір мыңнан үш мың шаршы метрге дейін баспана алғысы келеді.


Тұманды Альбионның жүрегіндегі қымбат пәтерлерден бас тартуға Brexit – Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығу процесі себеп болды, дейді бельгиялық брокер Игнас Мювиссен. Оның айтуынша, олигархтар алда болуы мүмкін тергеулерден жасқанады.


"Қазақстанның алты бай азаматы Бенилюкс еліне көшкісі келеді. Адамдар Brexit кезінде болуы мүмкін тергеулерден қашып жатыр. Клиенттерім бір мыңнан үш мың шаршы метрге дейін баспана іздейді", - деп брокер Sputnik Қазақстан тілшісіне мәлімет берді.


Мювиссеннің сөзіне сүйенсек, сатқалы отырған жылжымайтын мүліктің бағасы шамамен 300 миллион еуро. Брокер сатып алушыларға Қазақстан, Ресей және Украина азаматтарына тиесілі 20 шақты пәтер ұсынған. Клиенттер сатқысы келетін пәтерлердің құны – 30 миллионнан 50 миллион еуроға дейін.


Бельгияның БАҚ мәліметі бойынша, Лондондағы миллионерлер Brexit болған жағдайда туындайтын салық және виза проблемаларына алаңдайды.


Өткен аптада Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй Еуроодақтан Brexit күнін 12 сәуірден 2019 жылдың 30 маусымына жылжытуды сұрады.


Бұдан бұрын Sputnik Қазақстан хабарлағандай, қазақстандық миллионер Париждің бай аудандарының бірінде қымбат пәтерін сататыны туралы хабарландыру жариялады. Баспана иесі жылжымайтын мүліктің бастапқы құнын екі есе арттырып, 125 миллион еуроға бағалапты. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне жүгінсек, пәтердің қожайыны үкіметте қызмет етпейді.


 




Көрілген: 1479    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.04.2019, 23:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30