Нарық

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша қаражат жұмсайды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қазақстанда 2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір үйде азық-түлікке жұмсалатын шығындар орташа есеппен 319,4 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8% артық.

 

Азық-түлікке кететін шығынның үлесі тұтынушылардың барлық шығынының 52,7% құрады, бұл өткен жылы 49,2% болған, деп хабарлады ranking.kz.

 

Азық-түлікке ең көп шығындалатын тұрғындар Атырау облысында (2020 жылдың төртінші тоқсанында 404,7 мың теңге), Түркістан облысы (393,2 мың теңге) және Қызылорда облысы (383,6 мың теңге).

 

Азық-түлікке жұмсалатын шығынның көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне жұмсалады – 18,6% тиесілі. Тағы 7,8% нан және жарма өнімдеріне, 5,2% сүт және сүт өнімдеріне тиесілі.

 

2020 жылдың төртінші тоқсанында әрбір қазақстандық орташа есеппен 21,3 келі ет және ет өнімдерін, 35,5 келі нан-тоқаш өнімдері мен жарма, 63,4 кг сүт және сүт өнімдерін тұтынды.

 

Жалпы, 2020 жылы әрбір қазақстандық орта есеппен 83,9 кг ет және ет өнімдерін тұтынған.

 

Ең жоғары тұтыну Қарағанды ​​мен Ақмола облыстарында байқалды – жан басына шаққанда орта есеппен 101,7 және 100,7 кг. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында азық-түлік бағасы 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 10,6% өсті.

 

Бағаның едәуір өсуі елордада және Павлодар облысында (11,2%), сондай-ақ Шымкентте (11,1%) байқалды.

 

Ет және ет өнімдерінің бағасы Нұр-Сұлтанда 12,7%, Павлодар облысында 11,2%, Шымкентте 10,9% өсті.

 

Қазақстанда ет және ет өнімдері орташа есеппен 12,1% қымбаттады.

 

 

 

 

24.kz




Көрілген: 1049    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 13:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31