Нарық

Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ

  • Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ

    Қазақстандықтар банктерге 7 триллион теңге қарыз – БАҚ

Берешектің басым бөлігін тұрғын үй кредиттері құрайды, оның мөлшері бір жыл ішінде 600 миллиард теңгеге ұлғайған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың банктер алдындағы берешегі 7,1 триллион теңгеден (16,6 миллиард доллар) асты, деп хабарлайды QazEconomy Telegram-каналы Еуразиялық экономикалық комиссия қаржы статистикасы бөлімінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

2020 жылы Қазақстанда ипотека бойынша берешек 600 миллиард теңгеге (1,4 миллиард доллар) өсті.

ЕЭК мамандарының есебінше, елде тұрғын үй несиелерінің көлемі бір жылда 1,8 триллионнан (4,2 миллиард доллар) 2,4 триллион теңгеге (5,6 миллиард доллар) дейін ұлғайған. Бұл ретте мерзімі өткен қарыз 20 процентке (60 миллиардтан 71,5 миллиард теңгеге дейін) артты.

Сарапшылар статистиканы салыстыру үшін ЕАЭО-ға мүшеге барлық елдің кредиттік берешегін конвертациялады. Нәтижесінде ипотекалық қарыздар бойынша ең көп берешек Ресейде –  123,2 миллиард доллар екені анықталды. Екінші орында – Қазақстан, бұл елде тұрғын үй несиесінің көлемі 5,6 миллиард доллар. Беларусь 3,8 миллиард доллармен үшінші орынға жайғасты.




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 02:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30