Нарық

Қазақстандықтар БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегін көтеру туралы шешіміне қарсы петиция жариялады

  • Қазақстандықтар БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегін көтеру туралы шешіміне қарсы петиция жариялады

    Қазақстандықтар БЖЗҚ-ның жеткіліктілік шегін көтеру туралы шешіміне қарсы петиция жариялады

Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеткіліктілік шегін көтеру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн петиция жариялады. Құжат авторлары 3 желтоқсанда БЖЗҚ жариялаған жаңа жеткіліктілік шегі бойынша зейнетақы жинақтамаларына қол жеткізу қазақстандықтар үшін мүмкін емес екенін алға тартады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Егер 20 жастағылар үшін шекті көрсеткіш қазір 1,7 миллион теңге болса, келесі жылдан бастап ол 3,1 миллион теңгеге дейін өседі. Көрсеткіш 1,8 есеге көтерілді. Бұл – шындыққа жанаспайтын шек. Бұрын жинақталған тұрғын үй сатып алу немесе емделу үшін  шотымыздағы қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік болған еді. Біз, петицияға қол қойған Қазақстан азаматтары, БЖЗҚ-дан ең төменгі жеткіліктілік шегін ақылға қонымды шекке дейін төмендетуді талап етеміз", – делінген петицияда.

 
Еске салсақ, 3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алудың жеткіліктілік шегінің көрсеткіштері күрт өсетіні белгілі болды. Зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шегі мынадай болуы қажет: 21 жаста – 3,2 млн теңге, 22 жаста – 3,3 млн теңге, 30 жаста – 4,4 млн теңге, 40 жаста – 5,8 млн теңге, 50 жаста – 7,4 млн теңге.

БЖЗҚ ең төменгі жеткіліктілік шегінің мәндері әрбір жас үшін есептелетінін және болашақта зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуі ескерілетінін хабарлады. Бұл ретте "Республикалық бюджет туралы" заңға сәйкес жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, зейнетақының ең төменгі мөлшері, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері сияқты әлеуметтік көрсеткіштер қолданылады. Осыған байланысты, жыл сайын осы көрсеткіштердің өсуін ескере отырып, жеткіліктілік шегінің мөлшерін есептеу жүргізіледі.

Алайда Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ-ның мұндай түсініктемелері қазақстандықтарды қанағаттандырмады.

Қазіргі таңда 12 мыңнан астам адам петицияға қол қойған. 




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.12.2021, 10:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31