Нарық

Қазақстандықтар депозиттерін қай банкте сақтайды?

  • Қазақстандықтар депозиттерін қай банкте сақтайды?

    Қазақстандықтар депозиттерін қай банкте сақтайды?

Бизнес қаржысын сақтау бойынша да бұл банк алда тұр &ndash 463,9 млрд теңге. 2020 жылы ел тұрғындары бұл банктегі депозиттеріне 469 млрд теңге көлемінде қаржы құйған.

2021 жылдың басында ел тұрғындарының екінші деңгейлі банк депозиттерінде жинаған қаражаты 21,56 трлн теңгеге жетіп, алдыңғы бір жылмен салыстырғанда 19,9 пайыз өсім көрсеткен, деп хабарлайды egemen.kz.

Халықтың ақшасын сақтауға келгенде ТОП-10 қатарына кіретін банктің 9-ы оң өсімге ие екенін көрсеткен. Үздіктер көшін 932,9 млрд теңге, яғни рекордтық 43,9 пайыз өсімге ие Jýsan Bank бастайды. Бұл банкте сақталған жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да депозит көлемі орасан көп. Бизнес қаржысын сақтау бойынша да бұл банк алда тұр &ndash 463,9 млрд теңге. 2020 жылы ел тұрғындары бұл банктегі депозиттеріне 469 млрд теңге көлемінде қаржы құйған.

Екінші орында &ndash Kaspi Bank. Бір жылғы өсімі &ndash 38,1 пайыз немесе 2,25 трлн теңге. Банк халықтың қаржысын сақтау бойынша ТОП-10 қатарына кіргенмен, бизнес қаржысын иелену тұрғысында үздіктер санатынан (13-орын) тыс қалған. Банктің негізгі өсімін бөлшек сауда сегментіндегі көрсеткіш құрап отыр &ndash 2,02 трлн теңге немесе 32,3 пайыздық өсім.

Үшінші орынды Сбербанк алған. 35,5 пайыз өсім &ndash 2,15 трлн теңге. Бұл банк бизнес салымы бойынша да, халық салымы бойынша да ТОП-10 қатарынан еркін орын алып тұр.

Жалпы, банк секторында бизнес-салым көлемі 22,5 пайызға, 10,62 трлн теңгеге ұлғайған. Халық депозиті 17,2 пайызға, 10,94 трлн теңгеге дейін өскен. Корпоративтік салымдар екінші деңгейлі банктер жиынтық депозит портфелінің 49,2 пайызын, бөлшек салымдар 50,8 пайызын еншілейді.

sn.kz




Көрілген: 1414    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.03.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30