Нарық

Қазақстандықтар жалақысынан қанша салық және әлеуметтік төлем ұсталғанын тексере алады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстандықтар жұмыс берушінің қанша жалақы, табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді аударғанын тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Мемлекеттік кірістер комитеті «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» сервисін іске қосты, ол қызметкерге есептелген жеке табыс салығының, зейнетақы жарналарының, міндетті әлеуметтік аударымдардың және медициналық сақтандыруға әлеуметтік аударымдардың сомасын қарап шығуға мүмкіндік береді.

 

 Сервисте 2020 жылдың барлық кезеңдерін қарауға болады.

 

Деректерге қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе SMS құпия сөзі арқылы сәйкестендіруден өту қажет. SMS хабарламасы мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелген ұялы телефон нөміріне түседі.

 

Деректерді қарау үшін «салық әмияны», «қызметкердің еңбегіне ақы төлеу» қосымша бетін таңдап, жыл мен кезеңді таңдау қажет.

 

Бастапқы кезеңде жұмыс берушілері бюджетпен есеп айырысу кезінде жалпыға бірдей белгіленген режимді немесе оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын, жеке тұлғалар деректерді қарай алады.

 

Мәліметтер болмаған немесе деректер сәйкес келмеген жағдайда, салық есептілігін түзету үшін жұмыс берушіге жүгіну қажет.

 

«E-Salyq Azamat» тегін мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market платформаларынан жүктеуге болады.

 

 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 17:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30