Нарық

Қазақстандықтар қандай отандық көліктерді көп таңдаған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстанда құрастырылған ең өтімді жеңіл көліктер брендіне Lada, Hyundai, KIA, Ravon және JAC автомобильдері жатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы биылғы 4 айда автоөндіріс саласының жұмыс нәтижесін жария етті.

 

Аталған одақ мәліметінше, қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан аумағында жалпы құны 173,4 млрд теңге болатын 23 703 автокөлік құралы (жеңіл және жүк көлігін, автобус техникасын, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) құрастырылды.

 

Нақты мәндегі шығарылған өнім көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 84,6 пайызға асып түсті. Жеңіл автомобиль өндірісі 1,7 есе артып, 20 906 көлікке жетті. Автобус техникасын шығару төрт айда 73,4 пайызға өсті.

 

Аталған кезеңде 352 автобус шығарылды. 2 080 жүк көлігі құрастырылды. Өсім 6,8 есеге жетіп отыр. Сондай-ақ 289 тіркеме, 76 арнайы машина жасалды.

 

2020 жылдың сәуір айында қазақстандық кәсіпорындардың конвейерінен 4 867 автокөлік шықты. Бұл, 2019 жылғы көрсеткіштен 20,4 пайызға жоғары.

Дегенмен, осы жылдың наурызымен салыстырғанда көрсеткіш 21,8 пайызға төмендегені байқалады.

 

Наурызда елімізде 6 229 автокөлік шығарылған еді. Республика тұрғындарының отандық автомобильдерді сатып алуға жұмсаған шығыстары өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 30 пайызға артып, 91,3 млрд теңгеге жетті. «Азия Авто» АҚ төрт айда - 5 882 , «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС 5 286 автомобилін сатты.

 

Мұнан арғы отандық автоөндірушілердің өз өнімдерін сатудағы рейтингі мынадай:

 

«СемАЗ» ЖШС (729),

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (286),

«Hyundai Trans Auto» ЖШС (99), 

«Daewoo Bus Kazakhstan» (7).

 

Қазақстанда құрастырылған ең өтімді жеңіл көлік брендіне:

 

Lada (3 685),

Hyundai (3 171),

KIA (1 952),

Ravon (1 369),

JAC (193) автомобилі кіреді.

 

Мұнан бөлек, отандық кәсіпорындар ұсынатын брендтер қатарында:

 

Chevrolet (175),

Skoda (136),

UAZ (69) көліктер бар.

 

Жеңіл көліктердің:

 

Lada Granta (1 701),

Ravon Nexia R3 (1 369),

KIA Rio (1 225),

Hyundai Tucson (1 113), 

Lada Vesta (962) маркалары көп сатылған.

 

Қазақстандықтар арасында танымал модельдер легіне:

 

Hyundai Creta (698),

Hyundai Accent (572),

Lada Largus (528),

KIA Sportage (427), 

Hyundai Elantra (424 ) брендтері де кіріп отыр.

 




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 01:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30