Нарық

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмайды - министрлік

  • © Газета.ру

    © Газета.ру

Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияға көшу екі жылға шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысы Осакаров ауданында жүзеге асқан пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелердің барын көрсеткен. Оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет.

"Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу бойынша үкіметке ұсыныс енгізді", - деп мәлімдеді комитеттен.


Жалпыға бірдей декларация қашан және кімдер үшін енгізіледі?


Бірінші кезеңде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастайды.


2023 жылдың қаңтарынан – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салалар) және олардың жұбайлары.


2024 жылы заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі.

2025 жылы – халықтың қалған санаты.


"Әр кезеңнің қорытындысы талданып, проблемалық мәселелер анықталады және заңнама, әдістеме және ақпараттық жүйелерді жетілдіру шаралары қабылданады", - деп хабарлады комитет.


Қазір жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу жөнінде заңнамаға түзетулер әзірленіп жатыр. Өзгерістер парламенттің қарауына белгіленген тәртіпте ұсынылады.


 




Көрілген: 518    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 12:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30