Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмайды - министрлік

01 сәуір 2019, 12:25

Қазақстанда жалпыға бірдей декларацияға көшу екі жылға шегерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Осакаров ауданында жүзеге асқан пилоттық жобаның нәтижелері проблемалық мәселелердің барын көрсеткен. Оларды шешу үшін қосымша уақыт қажет.
"Қаржы министрлігі жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу бойынша үкіметке ұсыныс енгізді", - деп мәлімдеді комитеттен.

Жалпыға бірдей декларация қашан және кімдер үшін енгізіледі?

Бірінші кезеңде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ, оларға теңестірілген тұлғалар мен олардың жұбайлары тапсыра бастайды.

2023 жылдың қаңтарынан – мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқа салалар) және олардың жұбайлары.

2024 жылы заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсыруға міндеттеледі.
2025 жылы – халықтың қалған санаты.

"Әр кезеңнің қорытындысы талданып, проблемалық мәселелер анықталады және заңнама, әдістеме және ақпараттық жүйелерді жетілдіру шаралары қабылданады", - деп хабарлады комитет.

Қазір жалпыға бірдей декларацияны кезең-кезеңмен енгізу жөнінде заңнамаға түзетулер әзірленіп жатыр. Өзгерістер парламенттің қарауына белгіленген тәртіпте ұсынылады.