Нарық

Қазақстандықтар мемлекетке 23 миллиард теңге қарыз

  • © CC0

    © CC0

Қазақстандықтардың салық бойынша берешегі 23 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

 

Атап айтқанда, көлік салығы бойынша берешектің сомасы 21,5 млрд теңгені құраса, 263 802 адам 1,1 млрд теңгенің мүлік салығын төлемей жүр. Бұдан бөлек, жер салығы бойынша ел тұрғындары бюджетке 261 801 409,5 млн теңгеге қарыз.

 

Салық берешегінің негізгі сомасы - 282,7 миллион теңге, ал 126,8 миллион теңгесі - өсімпұл.

 

Комитет мамандары салық төленбеген жағдайда берешекті өндіріп алу тәртібі бар екенін еске салды. Заңға сәйкес, салық немесе әлеуметтік төлем бойынша берешегі бар адамдар банктен есепшот аша алмайды.

 

Алайда бұл талап бюджеттен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға арналған есепшоттарға, білім беру жинақ салымына арналған арнайы банктік шоттарға қолданылмайды.

 

"Егер банктік шотты жеке тұлға осы мақсаттар үшін ашса, онда мұндай адамның салық берешегі болса да, банк шот ашудан бас тарта алмайды", - дейді мамандар.

 

Бұдан бөлек, салық кодексі бойынша салық берешегі 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, берешек туралы хабарлама берілген күннен бастап 30 күннің ішінде төленуге тиіс. Өйтпеген жағдайда салық органы арнайы бұйрық шығарып, оны мәжбүрлі түрде өндіру үшін жеке сот орындаушылар палатасына немесе әділет органдарына жібереді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.08.2021, 17:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31