Нарық

Қазақстандықтар өздерінің теріс несие тарихын түзей алады

  • Қазақстандықтар өздерінің теріс несие тарихын түзей алады

    Қазақстандықтар өздерінің теріс несие тарихын түзей алады

2020 жылдың 30 наурызынан бастап қарыз алушылар өздерінің теріс несие тарихын түзетуге мүмкіндік алады. Кредиттік бюро 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар банк заемына немесе микрокредитке "қалпына келтірілді" мәртебесін беруі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы осы жылдың 22 наурызында осындай қаулы қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Несиені келесі жағдайларда "қалпына келтіреді":

  • кредит бойынша берешекті өтегеннен кейін 12 күнтізбелік ай өткен соң;
  • егер қарыз алушы қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне дейінгі берешек сомасының 50%-нан астамын өтесе және соңғы 12 күнтізбелік ай ішінде кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін 30 күннен астам мерзімде кешіктіріп төлемесе;
  • егер қарыз алушы 90 күннен астам мерзімі өткен берешекті өтегеннен кейін жыл ішінде 30 күнтізбелік күннен астам мерзімге кешіктіруге жол бермесе.

Содан кейін кредиттік бюро несиелік есепте кідіріс күндерінің санын нөлге тең етіп көрсетеді.

Төлемді кешіктіру несиелік есепте кредитті қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру кезінде ғана көрсетіледі, ал несиені қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнінен кейін пайда болатын кешіктіру күндерінің саны ғана көрсетіледі.




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.05.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30