Нарық

Қазақстандықтар Түркияға қашаннан бастап ұша алады - министр жауабы

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстан мен Түркия арасында халықаралық рейсті маусым айының соңында жандандыру жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды   Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Халықаралық рейстерді кезең-кезеңмен жандандыру жоспарланып отыр. Осы маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейсті қайта ашу көзделген", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

 

Айтуынша, эпидемиялогиялық жағдай әрі қарай жақсарса, басқа елдермен де әуе қатынасы жанданады.

 

Министр бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда көлік саласы коронавирус пандемиясынан ең көп зардап шеккен саланың бірі екенін атап өтті.

 

Осы жылдың 1 мамырынан Нұр-Сұлтан мен Алматыдан республиканың 20 қаласына ішкі әуе рейстері кезең-кезеңмен қайта жандануда.

 

Қазіргі таңда 44 ішкі бағыт бойынша аптасына 349 рейс орындалуда. 188 мың әуе билеті сатылды.

 

Сонымен қатар, бірінші маусымнан елімізде 54 жолаушылар пойызы қайта жүре бастады. Билеттер 15 мамырда сатыла бастаған еді. 8 маусымға дейін пойыздарға 645 мың билет сатылған.

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 10:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31