Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандықтар утилизацияға 40 мыңға жуық көлік тапсырды

29 желтоқсан 2017, 14:45

Елімізде ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы аясында 46 мыңнан астам автомобиль утилизацияға тапсырылды. Соның ішінде 7 мың адам ақшаны емес, жеңілдік куәлігін таңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оператор РОП» ЖШС ұсынған мәліметке сәйкес, 2016 жылдың 21 қарашасы мен 2017 жылдың 28 желтоқсаны арасында республика бойынша 39 742 ескі көлік қабылданды. Аталған бағдарламаның екінші кезеңі - автосалондардан жаңа көлікті сатып алуға жеңілдік беретін куәліктер жүйесі аясында тағы 7 095 көлік утилизация орталықтарына жеткізілді. Жалпы, 46 837 көлік тапсырылды. Айта кетейік, бүгінде ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы бойынша қолма-қол ақшаны немесе жеңілдік куәлігін алуға болады. Қолма-қол берілетін ақшаның сомасы 150 мың теңгеге дейін жетеді. Ол автомобильдің комплектациясына байланысты. Ал жеңілдік куәлігі көліктің моделіне (жеңіл көлік, жолаушылар пен жүк көлігі) қарай 315 мың теңгеден 650 мың теңгеге дейін беріледі. Екі куәлікті қосып, автосалоннан бір көлік алуға да болады. Жеңілдік куәлігі 12 айға дейін жарамды.

ratel.kz