Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін алу үшін толтырған өтініштерін өзгерте алады

02 ақпан 2021, 14:46

Зейнетақы жинақтарын алуға өтініш беру веб-сайты жетілдіріледі. "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова енді enpf-otbasy.kz сайтында толтырған өтініштерді өңдеуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ибрагимованың айтуынша, қазақстандықтар үшін жаңа функция бір апта ішінде қол жетімді болады.
"Қазір біз өз порталымызды клиенттердің ескертулерін ескере отырып жетілдіріп жатырмыз. Бірінші кезекте өтінімінің мақсатын өңдеуге мүмкіндік беру болды. Яғни, алдымен адам несиені төлеуге өтініш білдірді, енді ол ипотека бойынша жаңа пәтер алғысы келетіндігі туралы шешім қабылдады. Бір аптаның ішінде өтініш беруші өтінішті редакциялай алатын кезде осындай мүмкіндікке ие болады", - деді Ибрагимова журналистерге арналған брифингте.

Сондықтан, зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде мақсатты айқындап алу керек екенін айтты ол. 

"Әлеуметтік желіде адамдар шотында қанша қаражаты бар екенін, ақшаны шотына аударатына көз жеткізгісі келетіні туралы жазды. Оған қоса, опперация жылдың соңына дейін жалғасады. Оған қоса, адамдар порталды кеңінен қолдана бастағанда қателіктер туындады. Адамдар зейнетақы қорын пайдаланудың мақсатын нақты шешпей, дұрыс толтырмай қалуы мүмкін. Сондықтан,  зейнетақы қорын алдың мақсатын өзгертуге болатындай өзгертпекпіз. Бұл жаңашылдыққа он күннің ішінде қол жеткізе аламыз", - дейді Ләззат Ибрагимова.

"Кейбір азаматтарға өз өтінімін берген кезде-жеке зейнетақы қоры бұған дейін орындалмаған өтінімдерді есепке алғанда қаражат жеткіліксіз деген жауап жіберілген. Бұл - бірінші күні бірнеше өтінім берген азаматтар. Олар алдымен өтінімді жібергеннен кейін, дұрыс жібермедім деп ойлап, тағы бір немесе бірнеше рет өтініш жолдаған. Ал ол өтініштердің барлығы жойыла берген. Біз қазіргі уақытта біз бұл процесті қарап, зерттеп жатырмыз. Бірінші рет өтінім берілгеннен кейін екінші өтінім беруге болмайды. Бірақ бұл мәселені реттеу үшін әзірлеушілерге уақыт керек", - деді Ләззат Ибрагимова ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова елімізде үй бағасының төмендеуін болжаған болатын.