Нарық

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін қайда жұмсап жатыр?

  • Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін қайда жұмсап жатыр?

    Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін қайда жұмсап жатыр?

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 75 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігіналып үлгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті.

"Биылғы қаңтарда ақпараттық жүйелерді интеграциялауға байланысты дайындық жұмысы аяқталған соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алуға арналған өтінімдерін қабылдай бастады. 12 ақпандағы жағдай бойынша 1 855,9 млрд теңге сомасына 115 608 өтінім қабылданды. Оның ішінде 423,6 млрд теңге сомасына 78 074 өтінім өңдеуге қабылданып, мақұлданды", - деді Досаев. 

 
Досаевтың сөзінше, зейнетақының бір бөлігін алғандардың басым көпшілігі қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсаған. 

"Азаматтар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын - тұрғын үй сатып алуға; 28,3 пайызын - ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарна үшін және Отбасы банкінде ипотека алуға; 2,3 пайызын жеке тұрғын үй құрылысын салуға, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниеттенеді", - деді Ерболат Досаев.




Көрілген: 2368    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 10:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30