Нарық

Қазақстандықтардың басым бөлігі айына 13 мың теңге зейнетақы алатын болады — сарапшы

  • Қазақстандықтардың басым бөлігі айына 13 мың теңге зейнетақы алатын болады — сарапшы

    Қазақстандықтардың басым бөлігі айына 13 мың теңге зейнетақы алатын болады — сарапшы

Адамдар зейнетақы мөлшерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімділігімен байланыстырады. Жинағының аздығын ойлайтындар кемде кем. Бірақ бұл ойлануға тұрарлық мәселе. 
 
Жақында БЖЗҚ 2020 жылғы табысы туралы есеп берді. Жинақталған инвестициялық табысқа тоқталайық. 1998 жылдан бастап ол жинақталған инфляция 496,65% кезінде 602,9%-ды құрады. 

Жинақ мәселесі

Экономист Александр Юрин кірістен бұрын жинақ мөлшеріне назар аударуды сұрады:

&mdash Зейнетақы жүйесінің проблемасы зейнетақы активтерінің табыстылығымен байланысты емес. Мәселе жүйеге қатысушыларының басым бөлігінің жинақ сомасының аздығында. Бір зейнетақы шотында орта есеппен 1,1 млн теңге жинақталған.

Сарапшы 51 жастан 60 жасқа дейінгі салымшылардың шоттарындағы жинақтардың орташа мөлшеріне тоқталды.

&mdash Жақын жылдары зейнетке шығатын жас шамасы. Ол шамамен 1,5 млн теңгені құрайды.

Бұл сома зейнеткерлікке шыққаннан кейін шамамен 12-13 мың теңге мөлшерінде болады
&ldquoКонверттегі&rdquo жалақы
Юрин жинақтардың төмен деңгейіне талдау жасады:

&mdash Зейнетақы жүйесіне сенімсіздікпен қарайтындықтан, көптеген қазақстандық зейнетақы жүйесіне қатысудан барынша алшақтағысы келіп, табысын қасақана төмендетеді не жалақысын &ldquoконверттерде&rdquo алуға тырысады.

Сарапшы мәселені шешу жолдарын көрсетті:

&mdash Еңбек жалақысы деңгейін лайықты деңгейге арттыру керек. Бұдан өзге, зейнетақы жүйесіне осы уақытқа дейін жарна төлеуден жалтарған азаматтарды тарту қажет. Яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы сөз болып отыр, олардың басым көпшілігі жылдар бойы БЖЗҚ-ға ешқандай жарна аудармайды.

Сандардың артында не жасырылған

Юрин қордың есеп беру сандарының артында не жасырынғанын айтты:

&mdash БЖЗҚ кіріс қаржы ағыны қалпындағы &ldquoтірі ақша&rdquo туралы емес, есептелген немесе &ldquoбухгалтерлік&rdquo табыс туралы айтады.

Құралдарды сатуға болатын нақты құн Қордың есептілігінде көрсетілгеннен айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін
Сарапшы есептелген табыстың қалай қалыптасатынын түсіндірді:

&mdash 2015 жылдан бастап зейнетақы активтерінің жоғары табыстылығы портфельдің валюталық бөлігін қайта бағалауға негізделген болатын. Ол теңгенің айтарлықтай әлсіреуі аясында еселеп өсті. Бұл жағдайда зейнетақы активтерін тиімді басқару туралы айтуға болады.

Инфляцияны қалай есептейміз

Юрин тұтынушылық инфляцияны есептеу әдістемесіне күмән келтірді:

&mdash БЖЗҚ есептілігінде сөз &ldquoнақты&rdquo табыстылық туралы болып отыр. Жинақталған инфляцияны шегергендегі номиналды кіріс. Сонымен қатар, қазақстандықтардың басым көпшілігі мемлекеттік статистика органдары есептейтін тұтынушылық инфляция көрсеткіштеріне күмәнмен қарайды.

Сарапшы осыған байланысты реттеушінің деректерін келтірді:

&mdash Инфляциялық болжам бойынша Ұлттық банк ай сайын жүргізетін сауалнама нәтижелеріне сәйкес,

респонденттердің шамамен 60%-ы өздерінің &ldquoжеке инфляциясы&rdquo 10%-дан асады деп мәлімдеді
Бұл ресми жарияланған деңгейден жоғары. Бұл тұрғыда жоғары &ldquoнақты&rdquo кіріс инвестициялаудың тиімділігімен емес, статистикалық ведомствоның &ldquoәдіснамалық&rdquo деңгейде инфляция деңгейін төмендетуімен қамтамасыз етіледі.

kaz.365info.kz




Көрілген: 5814    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 22:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30