Нарық

Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

  • Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

    Қазақстандықтардың мобильді аударым дерегі салық органдарына 2025 жылға дейін берілмейді

2025 жылға дейін Қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы дерексалық органдарына берілмейді. Ал елімізде жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Халық алдында кеңінен талқылауға түскен тақырыптың нүктесі қойылды. Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылға дейін жеке деректерге қол жеткізу мүмкін болмайтынын айьты. Демек бұрынғыдай жеке тұлғалар арасындағы аударымдарға салық салынбайды. Оған қоса жеке тұлғалардың деректері Мемлекеттік кірістер комитетіне берілмейді. 

 
Өйткен бұл ақпараттың барлығы банк құпиясы болып саналады. Қазақстандықтар бұрынғыдай шектеусіз аударым жасап, қабылдай алады. 

Парламент сайтында жарияланған заң жобасына келсек, жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді беру жалпыға бірдей декларацияны енгізуге сай келеді және бұл 2025 жылдан басталады. 

Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге алаңдауға еш негіз жоқ. Өйткені олар 2023 жылға дейін салық төлеуден босатылған. 

"Барлық мәлімет мемлекеттік кіріс органдарына беріледі деген ақпарат –  негізсіз. Сондықтан алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды. Еске салып өтерлігі, бұл қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылдың басына дейін салық төлеуден босатылған", - дейді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әбділов.

Stan.kz




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

жұма, 03.12.2021, 22:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31