Нарық

Қазақстандықтардың салық төлеуі жеңілдетілді: елімізде жаңа электронды қызмет іске қосылды

  • Қазақстандықтардың салық төлеуі жеңілдетілді: елімізде жаңа электронды қызмет іске қосылды

    Қазақстандықтардың салық төлеуі жеңілдетілді: елімізде жаңа электронды қызмет іске қосылды

 Елімізде осыған байланысты eSalyq мобильді қосымшасы арқылы "Салық əмияны" қызметі іске қосылды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев мәлім етті.

Сөзінше, реквизиттердің толтырудың күрделілігі мен көптігінен кейбір салық түрі дұрыс төленбей жатады. Сол себепті бұл үрдісті оңтайландыру үшін жаңа қызметті іске қосу туралы шешім шығарылған. "Бюджеттік және салықтық заңнамаға сәйкес салықтың әр түрінің өз реквизиті бар. Қазіргі таңда 3 мыңнан аса реквизиттің ішінде салық төлеуші өзіне қажетті төртеуін көрсетуі керек. Олар: бюджеттік кодтың классификациясы, төлем тағайындау коды, бенефициардың БИН-і мен сома. Реквизиттің көптігінен бюджетке төлем дұрыс аударылмауы мүмкін. Осыған байланысты қалыптасқан бюджеттік, қазынашылық, банк жүйелеріне тиіспей, жаңа салықтық әмиян қағидатын енгізу туралы шешім қабылданды", - деді ол. Жаңа қызмет арқылы енді бірқатар қиындақтар жойылады дейді Талғат Мамаев.

"Ол көптеген мəліметтерді толтырудың қиындығына байланысты салықтарды қате төлеу проблемаларын жояды. Қосымшаны App Store жəне Play Market-тен тегін жүктеуге болады. Салық əмияны негізсіз айыппұлдарды жойып, қайтарымдар мен инкассалық өкімдердің санын азайтады, салық төлеушінің шығындарын қысқартып, уақытын үнемдейді. Банктердің комиссиялық алымдарын төлемей, салықтарды төлеуге болады", - деп қосты Мамаев. Әмияндағы ақша автоматты түрде қажетті салық түріне бөлінеді екен. "Сіз бюджетке ағымдағы жəне алдағы міндеттемелерді салықтар жəне мемлекеттік кірістер органдары тұрғысынан қарай аласыз. Мүлік, жер жəне көлік салықтары бойынша салық салу объектілері туралы мəліметтерді көруге болады", - деді комитет өкілі

ktk.kz




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 23:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31