Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін

30 сәуір 2019, 22:18

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде көптеген әлем елдері жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды, банк ақшасын, зейнетақы қорындағы қаражатты құяды. Яғни, олар инвестор рөлін атқарады, баспана тұрғызып, оны жалға береді. Ал одан түскен ақша елдің кіріс бөлігіне түседі.

"Қазір Қазақстан барлық әлемдік тәжірибені зерделеп жатыр, түрлі позицияны қарастырамыз. Егер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану тиімді болса, онда жұмсайтын боламыз", - деді Өскенбаев сенат кулуарында.

Оның айтуынша, биыл 6 мың көпбалалы отбасы сатып алу құқынсыз жалға берілетін баспанамен қамтылады. Бұған қоса, тағы 6 мың отбасы, яғни көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 проценттік жеңілдетілген ипотекамен үй ала алады. Сонда барлығы 12 мың отбасының осы жылы баспаналы болуға мүмкіндігі бар.