Нарық

Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін

  • © qamshy.kz

    © qamshy.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақша жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Вице-министрдің айтуынша, бүгінде көптеген әлем елдері жалға берілетін баспана құрылысына жеке инвестицияларды, банк ақшасын, зейнетақы қорындағы қаражатты құяды. Яғни, олар инвестор рөлін атқарады, баспана тұрғызып, оны жалға береді. Ал одан түскен ақша елдің кіріс бөлігіне түседі.


"Қазір Қазақстан барлық әлемдік тәжірибені зерделеп жатыр, түрлі позицияны қарастырамыз. Егер зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану тиімді болса, онда жұмсайтын боламыз", - деді Өскенбаев сенат кулуарында.


Оның айтуынша, биыл 6 мың көпбалалы отбасы сатып алу құқынсыз жалға берілетін баспанамен қамтылады. Бұған қоса, тағы 6 мың отбасы, яғни көпбалалы, толық емес және мүгедек баласы бар отбасылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 проценттік жеңілдетілген ипотекамен үй ала алады. Сонда барлығы 12 мың отбасының осы жылы баспаналы болуға мүмкіндігі бар.


 




Көрілген: 1141    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 22:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30