Нарық

Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек

  • Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек

    Қазақстандықтарға 6%-тік ипотека беріледі: ол үшін не істеу керек

Алғашқы екі жылда жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ке тең, одан кейін ол бес процентке дейін төмендейді. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 1 шілдеден бастап жас отбасыларға 6%-тік ипотека беретін жаңа бағдарламаны іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТҮҚЖБ-ға сілтеме жасап.

Жаңа бағдарлама бойынша жас отбасыларға арзан ипотекамен баспана сатып алуға мүмкіндік беріледі. Алғашқы екі жылда жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ке тең, одан кейін ол 5%-ке дейін төмендейді. Ипотека 6 жылдан 9 жылға дейін беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың біреуі немесе екеуі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде "Жас отбасы" депозитін ашып, бір жыл ішінде болашақта сатып алатын пәтер бағасының 50%-ін жинап, бағалау көрсеткішінің 5-ші деңгейіне жетуі керек.

Депозитті ашар кезде, ерлі-зайыптының некеге тұрған мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс.

Ақша жинау кезінде депозитке жылдық 2% көлемінде банк сыйақысы мен 20% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекет сыйақысы (200 АЕК-тен аспайтын сомаға есептелінеді) түседі.

Тағы оқыңыз: Баспана алу тәртібі қалай өзгерді: "сатылы жүйенің" ерекшелігі қандай?

Ерлі-зайыптылар әркім өз атына жеке-жеке депозит ашып, кейін шоттарды "Отбасылық пакетке" біріктіріп, мемлекеттен екі еселенген сыйақы ала алады.

"Жас отбасы" бағдарламасының тағы бір артықшылығы – ерлі-зайыптының жасы мен отбасындағы балалар санына шектеу жоқ.

Бағдарлама шартына сәйкес, жас отбасы пәтерді жаңа және қолданыстағы тұрғын үйлерден сатып ала алады. Не болмаса, жер телімін алып, үй салуына болады.

ТҮҚЖ ақпаратынша, "Жас отбасы" бағдарламасы республиканың барлық аймағында тұрақты түрде жүзеге асырылады.




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.07.2020, 15:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30