Нарық

Қазақстандықтарға жаңа айыппұл салынатындығы туралы ақпарат жалған -МКК

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тараған жаңа айыппұл туралы ақпараттың жалған екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы өткен салықтық кезеңдер бойынша берешегі бар азаматтар борышын осы жылдың 1 қазанына дейін өтемеген жағдайда оған 8 АЕК (20000 теңге шамасында) көлемінде айыппұл салынатыны туралы хабарлама таратылуда. Комитет бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлайды», - деді ведомстваның баспасөз қызметі.


Комитеттің хабарлауынша, жеке тұлғалар өткен жыл бойынша жер және мүлік салықтарын осы жылдың 1 қазанына дейін төлеуі тиіс. Көлік салығы 31 желтоқсанға дейін өтелуі керек.


«Қолданыстағы ҚР Салық заңнамасында айыппұл есептеу шаралары көрсетілмеген. Тек салықты уақтылы төлемеген жағдайда өткізілген әр күнге өсімпұл есептеледі. Сондай-ақ, биылғы жылдың аяғына дейін жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық үрдісі жүруде. Оның талаптарына сәйкес, жеке тұлға берешегінің негізгі сомасын өтеген жағдайда өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады», - делінген хабарламада.


 




Көрілген: 1068    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 16:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31