Нарық

Қазақстандықтарға жаңа тұрғын тіркелгені туралы SMS келеді

  • Қазақстандықтарға жаңа тұрғын тіркелгені туралы SMS келеді

    Қазақстандықтарға жаңа тұрғын тіркелгені туралы SMS келеді

Қазақстанда үйге біреу тіркелген жағдайда баспананың иесіне тіркелген адамның деректері жазылған SMS келетін болады. Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе, тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама жіберіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жаңа қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы енгізгенін хабарлады. 

 
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, SMS-хабарламалар бөтен адамдар азаматтардың үйіне жасырын тіркелген жағдайларда мәселені шешеді.

"Қазақстандықтар маған үйлерінде бейтаныс адамдардың тіркелгені туралы жиі жазып жатады. Аталған жаңа сервис бұл мәселені шешуі тиіс. Егер біреу сіздің қатысуыңызсыз ХҚО арқылы үйіңізге бөгде адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарлама арқылы бірден біле аласыз. Сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі", – деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.


Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды
Тоқаев Алматыдағы атыс туралы: Жан-жақты зерделеніп, заңға түзетулер енгізілуі керек

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы азаматтарға тұрғылықты тіркеу қызметін 2019 жылдан бері көрсетіп келеді. Бұған дейін онымен ХҚО-да орналасқан көші-қон қызметінің мамандары айналысқан болатын. Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.




Көрілген: 498    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 13:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31