Нарық

Қазақстандықтарға несиелік демалыс беріле ме - вице-министр жауабы

  • Қазақстандықтарға несиелік демалыс беріле ме - вице-министр жауабы

    Қазақстандықтарға несиелік демалыс беріле ме - вице-министр жауабы

Ұлттық экономика миниcтрінің орынбасары Жасұлан Мәдиев қазақстандықтарға арналған несиелік демалыс жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министр төтенше жағдайға байланысты шағын және орта бизнеске көмек және несиелік өтемақыны тоқтата тұру туралы пікірін білдіріп кетті.

"Үкімет осы бағытта жұмыс жасауда. Президент те бұл туралы бірқатар тапсырмалар берген болатын. Алдағы уақытта қандай шаралар іске асырылатынын білесіздер", - деді Мәдиев.

Бұған қоса ол қазақстандықтарға несиелік демалыс беру туралы да сөз қозғады.

"Бірнеше бастамалар көтеріліп, бұл жағдайды ретке келтіру үшін жұмыстар орындалуда", - деп қосты шенеунік.

Десек те вице-министр коронавирустың еліміздің экономикасына қалай әсер еткенін ашып айта алмады.

"Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді ғой", - деді Мәдиев.

Еске сайлық, бүгіннен бастап президенттің бұйрығымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланған болатын.  




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30